Қазақстанда Астанадағы Урбанистика орталығы негізінде салалық ұйымдар құрылады

Қазақстанда Астанадағы Урбанистика орталығы негізінде салалық ұйымдар құрылады

Астанадағы Урбанистика орталығының тәжірибесін кеңінен тарату керек. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берген тапсырмаларының бірі. Премьер Министр Олжас Бектенов оларды жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді. Құзырлы органның дерегінше,  барлық облыста урбанистика саласында салалық ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. Әкімдіктер 2026-2027 жылдарға арналған қалалық кеңістікті дамытуға заманауи тәсілдерді енгізуді көздейтін жол карталарын бекітті. Сондай-ақ, жаңа Құрылыс кодексінде елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастырудың міндетті құралы ретінде дизайн-код бекітілді. Президент жолдардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қатысты да міндет қойды. Көлік министрлігінің айтуынша, автожол саласында пайдаланылатын материалдардың бірыңғай базасы құрылып, битумды қолдану тәсілдері қайта қаралды, құрылыс кезінде сапаны бес сатылы бақылау енгізілді. Мемлекет басшысының жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру тапсырмасы  аясында жыл соңына дейін білім беру ұйымдарында экологиялық ағартудың бірыңғай стандарты  қабылданбақ.  Оны енгізудің іс жүзіндегі тетігі «Жасыл мектеп» ұлттық моделі болмақ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?