Қазақстанда 78,6 млрд долларға жаңа инвестициялық цикл жүзеге асырылады

Қазақстанда 78,6 млрд долларға жаңа инвестициялық цикл жүзеге асырылады

Қазақстанда жаңа инвестициялық цикл жүзеге асырылады. Қазір жалпы құны 78,6 миллиард доллар болатын 215 жоба қолға алынған. Жыл басынан бері шамамен 4,4 триллион теңгеге 25 инвестициялық келісім жасалды. Үкіметтің баспасөз қызметі атап өткендей, жобалар экономиканың негізгі салалары - энергетика, металлургия, фармацевтика, ауылшаруашылық өнеркәсібі, инфрақұрылым және денсаулық сақтауды қамтиды. Бұл ретте негізгі басымдық ел ішінде жаңа өндірістер ашуға және қосылған құны анағұрлым жоғары өнім шығаруға бағытталған. Осылайша, 4 фармацевтикалық жобаға 173 миллиард теңгені бағыттау жоспарланған, олар 356 түрлі дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешенде инвесторлар бидай, жүгері және бұршақ дақылдарын терең өңдеуді дамытуға ниетті. Тағы бір ірі бағыт - цифрлық инфрақұрылым. Екібастұзда бұлтты сервистер, есептеу қуаттары мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабын» құру жоспарлануда. Жоба шамамен 30 миллиард долларға бағаланады. Тұтастай алғанда, елдегі инвестициялық белсенділік өсуде - 2019 жылдан 2025 жылға дейін негізгі капиталға салынған қаржы екі есеге жуық артып, 23 жарым триллион теңгені құрады, ал өңдеу өнеркәсібінде үш есе артып - 3 триллион теңгеге жеткен.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?