Қазақстанда 2033 жылға дейін кемінде 10 жолбарыс жабайы табиғатқа жіберіледі

Қазақстанда 2033 жылға дейін кемінде 10 жолбарыс жабайы табиғатқа жіберіледі

Амур атты аталық жолбарыс «Іле-Балқаш» табиғи резерватына жіберілді. Ол Қазақстанда осы аң түрін қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында жабайы табиғатқа шығарылған екінші дара. Бұған дейін Үміт есімді аналық жолбарыс табиғи ортаға жіберген еді. Мамандар оның тарихи мекеніне тез бейімделгенін айттады. Табиғатқа жіберілер алдында олар ветеринариялық тексерулер мен мінез-құлық сынақтарынан өтті. Еске салайық, былтыр уағдаластық аясында Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді. Ал қалған екі жолбарысты келер жылдың көктемінде босату көзделіп отыр. Жалпы Қазақстанда 2033 жылға дейін кемінде 10 жолбарысты жабайы табиғатқа жіберіу жоспарланған.

Әлібек Қуантыров, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Екі жолбарыстың табиғатқа жіберілуі көпжылдық жұмыстың алғашқы нақты нәтижесі. Ендігі міндетіміз - жануарларға тұрақты мониторинг жүргізу, олардың табиғи мекендегі ортасын сақтау және қоректік қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру. Біздің түпкі мақсатымыз- Іле өзенінің атырабымен Оңтүстік Балқаш өңрініде табиғи ортада өздігінен көбейе алатын тұрақты жолбарыстар популяциясын қалыптастыру. Біз бұл жұмысты ғылыми деректер мен мамандардың ұсынымына сүйене отырып, кезең кезеңімен жалғастырамыз.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?