Қазақстан Қытай нарығына экспорттық әлеуетін кеңейтуде

Қазақстан Қытай нарығына экспорттық әлеуетін кеңейтуде

Заманауи қаптамадағы дайын асылған ет, құрамына құрт, балқаймақ, жент және талқан қосылған шоколад, сондай-ақ ұнтақ немесе құрғақ күйдегі қымыз бен шұбат. Бейжіңге отандық өндірушілер қазақтың ұлттық дәмдерін алып барды. таныстырды. Қытай астанасында қазақстанда жасалған өнімдер мен еліміздің экспорттық әлеуеті таныстырылды. Бұдан бөлек, отандық дизайнерлердің түрлі сән топтамасындағы  ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар мен киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, Қытай – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылы еліміздің жалпы экспорты шамамен 80 миллиард долларды құраған. Оның 20% жуығы аспан асты еліне жеткізілді.

Айнұр Әмірбекова, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары:

– Ұсынған қазақстандық өнімдер тек қытайлық емес, жалпы халықаралық сауда өкілдерінің де қызығушылығын тудырды. Іскерлік кездесулер, қытай импорттаушыларына отандық дизайнерлердің сән топтамаларының жабық көрсетілімі ұйымдастырылды. Келіссөздер нақты іске ұласып жатыр. Қазақстандық дизайнерлердің топтамалары Бейжіңдегі «Алтын Дала» сауда үйінде ұсынылады. Бұл алаң Қытай нарығында отандық сән өнімдерін тұрақты түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Ал кейбір қазақстандық өнімдер өзге нарықтарда, соның ішінде Гонконгтың сауда орындарында қанат жая бастады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?