Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады

Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Ол жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Бұл туралы Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев атлеттер, бапкерлер және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Оның 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль. Екінші орын жарыс қожайындарына бұйырды. Қырғызстандық құраманың еншісінде 30 алтын  медаль бар. Үздік үштікті Ресей спортшылары тұйықтады. Олар қоржындарын 7  алтын медальмен майлады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?