Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Д.Трамп Қ.Тоқаевты құттықтады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Д.Трамп Қ.Тоқаевты құттықтады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. Дональд Трамп Астанада және еліміздің түкпір-түкпірінде миллиондаған қазақстандықтар еліміздің бай мәдениетін, тарихи мұрасы мен табиғи сұлулығын дәріптеп, бұл құндылықтарды республика Тәуелсіздік жариялаған 1991 жылыдан бері үздіксіз дамытып келе жатқанын атап өтті. Америкалық Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің маңызына тоқталып, бұл қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Дональд Трамп сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл көшбасшылығына тоқталды. Оның айтуынша, осы маңызды мерекені бірге атап өту үлкен мәртебе.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?