Қазақстан Президенті Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Халықаралық аренада беделді елге айналды, – деп жазылған құттықтауда. Сондай-ақ жеделхатта елдерімізді ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?