Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысы Владимир Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Тараптар телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты.

