Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, әлемдегі қазіргі бірегей мүмкіндіктерді мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті. Дүние жүзінде аса маңызды материалдар жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытқаны жөн.  Геологиялық барлау мен өңдеу ісін дамыту, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайтуға көңіл бөлінуі тиіс. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке саланы дамытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, техногенді минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?