Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті. Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Президент түрікмен халқының Ұлт көшбасшысына жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Тараптар достық әрі стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді. Сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса мән берілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?