Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы еліміздің серіктестерінің де оң
бағасына ие болды. Мемлекет басшысының атына құттықтаулар әлі де келіп түсуде. Қасым-Жомарт
Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының
сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан,
Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь Президенттеріне ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекет
басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық
ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Құрылтай сайлауының қорытындысы ел ынтымағын байқатып, Қазақстанның бағыт-бағдарын
азаматтардың басым бөлігі қолдайтынын көрсеткенін атап өтті.

