Қазақстан Президенті Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады. Президентке әскерді жұмылдыру дайындығы, резервті дайындау және армияны қаржыландыру туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, шешім қабылдаудың жеделдігіне және елдің қорғаныс қабілетіне бағытталған бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыруды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?