Қазақстан Президенті Данияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Данияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дания Сыртқы істер министрін қабылдады. Ларс Лёкке Расмуссен Астанаға ресми сапармен келген. Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Президент өзара ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтіп, Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптады. Бұдан бөлек, көлік-логистика, цифрлық трансформация, АІ, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастық талқыланды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?