Қазақстан Президенті Қатар Әмірімен кездесті

Қазақстан Президенті Қатар Әмірімен кездесті

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?