Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Никол Пашинян Қазақстан Президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді. Тараптар қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады. Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?