Сарапшылар: Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды

Сарапшылар: Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды

Білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту - мемлекеттің стратегиялық басымдығы. Бұл Қазақстанның Жаңа Конституциясында жазылған. «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы қазіргі бәсекелестік заманында адами капиталдың маңызын асыра бағалау мүмкін емес дейді. Жәнібек Катреновтың пікірінше, бүгінде білікті кадрларды даярлау ғана емес, олардың білімі мен өнертабыстарын тәжірибе жүзінде қолдануға жағдай жасау қажет. Ол үшін тиісті әлеуетіміз қалыптасқан. «Болашақ» бағдарламасының 13 мыңнан астам түлегі экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді. Келесі қадам - білім беру бағдарламалары өндірістің сұраныстарына лайықталып, ғылыми әзірлемелер іс жүзінде қолданылуы үшін университеттер, бизнес пен мемлекеттің өзара тиімді іс-қимылын  жолға қою болмақ.


Жәнібек Катренов, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:


- Конституцияның үшінші бабында білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады деп көрсетілген. Бизнес осы білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға үлес қосты. Университеттер өндіріс нені күтіп отырғанын, қандай талаптар бар екенін түсінуі тиіс. Мемлекет ғылым мен инновацияның дамуы үшін қажетті жағдай қалыптастыруды өз мойнына алып отыр.


Жаңа Конституция жас ғалымдарды тың ізденістерге жетелейді. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану орталығының директоры Асқар Тұрғанбаев осылай деді. Оның айтуынша, қазір жоғары оқу орындарында ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды қолдау, саланы қаржыландыру, оның әлеуетін арттыру және білікті маман даярлау ісіне басымдық берілген.


Асқар Тұрғанбаев, Әдебиет және өнер институты қолжазба және мәтінтану орталығының директоры:


- Алдымызға үлкен мақсат қойғаннан кейін, орындайтын жолдарын дұрыс таңдауымыз керек. Мәселен, кез келген ғылыми жоба 2-3 жылда нәтиже бермейді. Ұзақ уақыт іздену керек.  Кез келген ғалым ұзақ жылғы ізденістен кейін жақсы ғалым болып қалыптасады. Қазір 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?