Қазақстан Президенті 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің басым бағыттарын айқындады

Қазақстан Президенті 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің басым бағыттарын айқындады

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен 2027-2029 жылдарға арналған экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау жөнінде кеңес өтті. Президентке экономиканың ахуалы баяндалып, әлеуметтік-экономикалық даму, республикалық бюджет параметрлері жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономикалық өсім көрсеткіштеріне, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгеріміне қол жеткізу қажеттілігін атап өтті. Мемлекет басшысы бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдету керек екенін айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?