Қазақстан мен Әзербайжан өзара тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті. Бұл туралы екі ел Президенттері Бакуде өкен кездесуде мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол Әзербайжан Кеңеске нақты бастамаларды ілгерілетуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды. Мемлекеттер басшылары Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызына тоқталды. Жоба екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Бұдан бөлек, тараптар Қазақстанның энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы тасымалдау ауқымын ұлғайту, сондай-ақ түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

