Қазақстан мен Өзбекстан 80 млрд теңгенің келісіміне қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан 80 млрд теңгенің келісіміне қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа тетігін іске қосты. Екі ел президенттерінің шешімі бойынша Өңір басшыларының кеңесі өз жұмысын бастады, ол сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы байланыстарын дамыту алаңына айналады. Бірінші отырыс Ақтауда екі республиканың Премьер-Министрлері - Олжас Бектенов пен Абдулла Ариповтың қатысуымен өтті. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Өзбекстан Еуразияның стратегиялық маңызы бар негізгі көлік бағыттарының торабында орналасқан. Солтүстік – Оңтүстік бағыттарымен және Трансауған дәлізімен ұштасатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы ерекше атап өтілді. Өткен жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк жөнелту көлемі 8 млн тоннаны құрады. Кеңестің бірінші отырысында-ақ 80 миллиард теңгеден астам сомаға меморандумдар мен коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Біз бауырлас Өзбекстанмен стратегиялық және одақтастық әріптестікті жан-жақты дамытуға ерекше мән береміз. Өңірлер басшылары кеңесінің құрылуы мемлекеттеріміз арасындағы қарқынды саяси диалогтың дәйекті жалғасы болып, өзара сенім мен тату көршілікке негізделген ықпалдастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Кеңес жұмысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мизиёев белгілеген сауда көрсеткіштерін лемін 10 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?