Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен Оңтүстік Кореяның Aju News Corporation компаниясы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Құжатқа Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен Aju News Corporation компаниясының төрағасы Квак Ён Гиль қол қойды. Рәсім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында өтті. Келісім тараптар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беріп, Қазақстандағы маңызды жаңалықтардың Азия ақпараттық кеңістігіне тарауын кеңейтеді. Айта кетейік, Президент Телерадиокешенінің халықаралық серіктестік желісі әлемнің түрлі өңірлеріндегі 70-ке жуық шетелдік медиа құрылымды біріктіреді.

