Қазақстан халықаралық спутниктік топ құруға ниетті

Қазақстан халықаралық спутниктік топ құруға ниетті

Қазақстан халықаралық спутниктік топ құруды жоспарлап отыр. 2030 жылға дейін тоғыз аппарат шығару көзделген. Оның алтауы – қазақстандық, тағы үшеуі Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияға тиесілі болады. Кейін топтағы спутник саны 14-ке дейін жетуі мүмкін. Жаңа жүйе жерді қашықтан зондтауға арналған. Яғни спутниктерден алынған мәліметтер жер бетін бақылауға, ғарыштан ақпарат жинауға және түрлі салаларда пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Space Days Kazakhstan форумында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Жаслан Мәдиев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:


- Қазір орбитада Қазақстанның Жерді қашықтан зондтайтын үш спутнигі жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылымды жаңғырту аясында KazSat-3 орнына KazSat-3R аппаратын шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл ұлттық спутниктік байланыс жүйесін қазіргі технологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін қажет. Сонымен қатар Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешені жұмыс істейді. Мұнда спутниктерді жинап, негізгі сынақтардан өткізуге, отандық инженерлік базаны дамытуға және халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік бар.

Кешен Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан. Бұл Қазақстан мен француз компаниясының бірлескен жобасы. Мұнда салмағы 100 келіден 6 тоннаға дейінгі жерсеріктерді, соның ішінде байланыс, Жерді қашықтан зондтау және ғылыми-технологиялық мақсаттағы аппараттар құрастыру мүмкіндктері қарастырылған. Аталған кешен Қазақстанда жерсерік жасау саласын дамытудың негізгі алаңдарының біріне айналды.

Хани Эль Арджа, Eutelsat компаниясының Орталық Азия және Таяу Шығыс өңірлеріндегі сату жөніндегі вице-президенті:

– Біз кәсіпорындар, соның ішінде банктер мен мемлекеттік органдар үшін қажетті жоғары жылдамдықтағы интернет байланысын қамтамасыз ететін төмен орбиталы жерсеріктерге қызығушылық танытып отырмыз.  Қазақстанмен серіктестік орнаттық. Ынтымақтастық аясында осы жерде инфрақұрылым құруды көздеп отырмыз. Қазір жергілікті мамандарды жұмысқа қабылдап жатырмыз. Қазақстанды осы бағытта Орталық Азия және түркі мемлекеттері арасында жетекші ел ел ретінде қарастырамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?