Қазақстан e-government әлемдік рейтингінде топ-25 қатарына кірді

Қазақстан e-government әлемдік рейтингінде топ-25 қатарына кірді

Қазақстан өңірдің сандық көшбасшысы ретінде позициясын нығайтуда. Еліміз Біріккен Ұлттар ұйымы электрондық үкіметтерінің әлемдік рейтингінің 25 үздік үлгілерінің қаратына енді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн, ал 96%-ға жуығы смартфон арқылы қолжетімді. Жыл басынан бері азаматтарға 51,5 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. Цифрландыру ІТ-сектордың дамуына да ықпал етеді. Мәселен, Astana Hub экожүйесінде 2 мыңнан астам компания жұмыс істейді, ал бүкіл ел бойынша 20 өңірлік және 4 халықаралық технохаб іске қосылған. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард 100 миллион долларға жетті. Республикада жасанды интеллект белсенді дамуда, суперкомпьютерлер инфрақұрылымы мен ұлттық AI-платформа жасақталып жатыр. 2030 жылға қарай Қазақстан IT-қызметтер экспортын 5 миллиард долларға дейін ұлғайтып, жасанды интеллект саласында 10 мың маман даярлауға ниетті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?