Қазақстан өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда

Қазақстан өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда

Қазақстан әлемдік азық-түлік нарығындағы позициясын нығайтуда. Ел шикізат экспортынан дайын өнім жеткізуге көшкен. Қазірдің өзінде аграрлық экспорттың жартысынан астамы өңделген өнімдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі 51%-дан асты. Жалпы ауылшаруашылық өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 37%-ға өсіп, 7 млрд долларға жетті. Тенденцияны шетелдік сарапшылар зерделеп отыр. World Financial Review басылымы Қазақстанды ірі астық экспорттаушы ғана емес, сонымен қатар перспективалы агроазық-түлік хабы және әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі орталығы ретінде қарастырады. Өнімдердің жекелеген түрлері бойынша Қазақстан сыртқы нарықтарда қазірдің өзінде жетекші орынға ие.


Сержан Шәріпов, ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры:


- Қазақстан қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен өңделген өнімдерді экспорттау бойынша әлемдік ірі ойыншы болып табылады. Біз қазір Қытай нарығында күнбағыс майы бойынша үздік үш жеткізушінің қатарына кіріп отырмыз. Зығыр экспорты бойынша - екінші орындамыз. Сондай-ақ, арпа мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін экспорттау бойынша үздік ондыққа кірдік. Қазір Қазақстан әлемдік ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көшбасшылары қатарында деуге болады.


Сонымен қатар, Қазақстанда жыл соңына дейін тағы 16 жаңа агроөнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың жартысын – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыттар құрайды. Жобаларды жүзеге асыруға 420 млрд теңге бағытталмақ. Өндіріс ошақтары еліміздің он өңірінде бой көтереді. Инвесторлар қатарында Швейцария, Аустралия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр және Түркия компаниялары бар. Мәселен, Астанада толық циклді ет өңдеу кешені ашылады. Алматыда желатин мен коллаген өндіру жолға қойылады. Алматы облысында 4 жоба жүзеге асырылады. Олардың бірі жеміс-жидек пен көкөністі өңдеу және сақтау бағытында болмақ. Қызылорда өңірінде томат пастасын шығау көзделген. Ал Қостанай аймағында бұршақ тұқымдас дақылдарды өнім өндіруге басымдық берілмек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?