Қазақстан транзиттік әлеуетін нығайтуда. Бірінші
жартыжылдықта ел аумағы арқылы тасымал көлемі төрттен бір бөлікке еселеніп, 22
миллион тоннаға жетті. Бұл өсімді көлік инфрақұрылымын жаңғырту және
халықаралық бағыттарды дамыту қамтамасыз еткен. Биыл елімізде рекордтық 11 мың
шақырым автожол салынып жөнделеді. Оның үш мың шақырымнан астамы жаңа және
қайта жаңғыртылған республикалық тас жолдар, тағы бес мыңға жуығы күрделі және
орташа жөндеумен қамтылған. Ақылы жолдар желісі де кеңейтілуде - 6 жаңа учаске
іске қосылғаннан кейін олардың жалпы ұзындығы 6,5 мың километрден асады.
Бүгінде 42 мемлекетпен халықаралық көлік қатынасы қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек,
қазақстандық тасымалдаушылар Қытай аумағы арқылы транзиттік рейстерді орындау
құқығына ие болды. Темiр жол тасымалы көлемi де өсуде: жарты жылда 157 миллион
тоннадан астам жүк жөнелтілген. 2029 жылға дейін елімізде 11 мың шақырым темір
жол жаңғыртылады. «Достық-Мойынты» екінші желісі пайдалануға берілді,
«Қызылжар-Мойынты» учаскесінің және Алматы айналма желісінің құрылысы
жалғасуда. Жылжымалы құрам паркі де жаңартылып келеді. Тағы бір маңызды қадам
Ақтау портында жаңа контейнер хабы құрылысының аяқталуы болды.

