Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Касабланкадағы Әлем кубогының кезеңіндегі тарихи жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Отандық спортшылар Түркия, Қытай, Мысыр, Франция және Ресейден келген қарсыластарын жеңді. Алтын медаль еншілеген спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

