Қазақстан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу үшін FAA бағалауынан өтуде

Қазақстан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу үшін FAA бағалауынан өтуде

Қазақстан АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашуға тағы бір қадам жақындады. Осы ретте АҚШ Федералдық әуе қатынасы әкімшілігі еліміздегі ұшу қауіпсіздігіне халықаралық талаптарға сай бағалау жүргізуде. Бұл  тікелей әуе қатынасын орнату алдындағы маңызды кезең. Америкалық сарапшылар Қазақстанның заңнамасы және  құқықтық реттеу тетіктерін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жүйесін және авиациялық инфарақұрылымның халықаралық ИКАО талаптарына сәйкестігін тексеруде. Айта кетейік, бұл шара 2024 жылдан бері жүргізіліп келе  жатқан ауқымды дайындық жұмыстарының аясында атқарылмақ.


Майкл Дэниел, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас атқарушы директоры:


- Меніңше, Қазақстанның басты артықшылығы - оның географиялық орналасуы. Бұл мемлекет әлемдік авияция үшін жаңа ұшып-қону алаңына айналып,  Орталық Азияның әуе хабы болуы мүмкін.  Бұл үшін  бірнеше кезеңнен өту қажет. Алдымен FAA Қазақстанның әуе жүйесінің қауіпсіздігіне баға береді. Бұдан кейін мемлекет бірінші категория алып, ұшу қауіпсіздігін айғақтауы тиіс. Оның үстіне мұндай статус инвесторлар мен лизингтік компаниялардың сенімін арттырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?