Астанада Жасанды интеллекттің заңгерлік мамандыққа ықпалы талқыланды

Астанада Жасанды интеллекттің заңгерлік мамандыққа ықпалы талқыланды

Жасанды интеллект заңгерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Maqsut Narikbayev университетінде АІ-дың заңгерлік мамандықтың болашағына әсері талданған ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға сала мамандары, Құрылтай депутаттары, сондай-ақ АҚШ, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген сарапшылар қатысты. Олар академиялық үрдістегі АІ-шешімдерін, заңгерлік білім берудегі кәсіби құзырет ерекшеліктерін және юриспруденция стандарттарының болашағын талқылады. Сарапшылардың пікірі алгоритмдер құқықтық салада жиі орын алатын бірізді фактілерді жүйелеуге қабілетті, алайда құқықтық бағаны адамның өзі беруі тиіс дегенге саяды. Қатысушылар аталған жоғары оқу орнының осы бағыттардағы  жаңа әдістемелік жүйесіне қызығушылық танытты.

Сергей Пен, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары:

- Біз AI+X моделі бойынша білім беру бағдарламасын іске қостық. 2 жыл бойы жасанды интеллект және IT салаларын оқытамыз. Бұл – сандық жүйелерді, код жазу, деректер базасын талдау, машиналық оқыту және жалпы Data Science саласын қамтиды. Ал келесі 2 жылды шәкірттеріміз: құқық, экономика, лингвистика, қаржы, менеджмент тәрізді салаларға арнайды. Біздің ойымызша, мұндай тәсіл таяу арадағы 5-10 жылда жаппай қолданыла бастайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?