Қазақстанның саяси реформалары мен елдің алдағы дамуы Астанадағы Президенттік орталықта өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға Құрылтай депуттары, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты. Олар Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қалыптасу жолынан өткенін атап өтті. Дегенмен елдің дамуы жалғасуда. Реформалардың нәтижесінде адами капиталға басымдық беріліп келеді. Бұл жаңа Конституцияда да көрініс тапқан. Онда адамға, оның білімі мен зияткерлік әлеуетіне ерекше мән берілген. Кездесуде 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік Егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, елдің жүріп өткен жолын зерделеу алдағы мақсаттарды айқындауға мүмкіндік береді.
Екатерина Смолякова, Құрылтай депутаты:
- 25 қазан – бұл республика күні. Бұл еліміз үшін ең айтулы, ең маңызды күндердің, мерекелердің бірі. Себебі, 1990 жылы, осыдан 36 жыл бұрын, біз егемендігіміз туралы декларациямызға қол қойдық. Осыдан 35 жыл бұрын 16 желтоқсанда біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Ал енді біздің ұрпағымыздың міндеті осы Тәуелсіздікті, Егемендікті әрі қарай сапасын артырып, болашақ ұрпаққа осы күйінде және бұдан да жақсырған күйінде жеткізу болып табылады. Осы үшін де 2026 жылы бейіл біз жаңа Ата Заң қабылдадық.

