Астанада «Болашақ ойындары -2026» аяқталуға жақын

Астанада «Болашақ ойындары -2026» аяқталуға жақын

Астанадағы «Болашақ ойындары» ауқымды мультиспорттық турнирі мәреге жақындады. Бір аптадан астам уақыт Қазақстанның бас қаласы ареналарында дәстүрлі спорт заманауи диджитал-технологиялармен ұштасты. 9 тамызға дейін жалғасатын турнирде Mobile Legends және Phygital Dancing бойынша жарыстар өтіп жатыр. Соңғы сайыс түрінде - ұлттық іріктеудің жеңімпазы Гүлназ Аманғали жарыс жолына шықты. Ереже бойынша қатысушылар алдымен би симуляторында өнер көрсетеді, содан кейін сахнада төрешілер мен көрермендер алдында толыққанды би нөмірін орындайды. Жеңімпаз екі кезең нәтижелерінің қосындысы бойынша анықталады. Бірінші раундта Гүлназ 19 жасар колумбиялық Андрес Гуардоға қарсы шықты. Ал шешуші раундта отандастарымыз қарсыласына есе жіберді.


Гүлназ Аманғали, «Болашақ ойындары – 2026» қатысушысы:


– Бұл жарыста көркемдік тұрғыдан бағалау болмайды, тек ұпай есептеледі. Маған бұрын жинақтаған тәжірибем көмектесті. Дайындыққа уақытым аз болды - бар болғаны бір ай. Ойын басталғанға он күн қалғанда ғана қатысу мүмкіндігіне қол жеткіздім. Мұндай қысқа мерзім үшін бұл жақсы нәтиже деп санаймын. Қолдап келген жерлестеріме рахмет.


Болашақ ойындары аясында Mobile Legends бойынша плей-офф кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алған командалар анықталды. Айта кетейік, бұл – мобильді киберспорттағы әлемдегі ең танымал жарыс түрлерінің бірі.


– Мен әлемдегі ең мықты киберспорт командаларының бірі – Team Spirit командасына жанкүйер болу үшін келдім.


– Киберспорт ішкі әлеуетті ашуға көмектеседі және өзіңе шынымен ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік береді.


– Өзіңіз киберспортшы болғыңыз келмей ме? – Қалағанмын, бірақ командам жоқ. Қазі өзіме команда іздеп жүрмін.


Айта кетейік, биылғы Болашақ ойындары турниріне 34 елден 800 астам спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 млн доллардан асады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?