Астанада Қазақстан-Литва бизнес форумы өтті

Астанада Қазақстан-Литва бизнес форумы өтті

Қазақстан мен Литваның жыл басынан бері тауар айналымы 78 млн долларға жетті. Бұл туралы Астанада өткен қос тараптың бизнес-форумында айтылды. Жиында Қазақстан арқылы Литваға жүк тасымалы биылғы жарты жыл ішінде алты есе өскені жөнінде де тың дерек келтірілді. Форумға қатысушылар жүк тасымалының бұлайша күрт артуын Еуропа нарықтарына шығуға оңтайлы Клайпеда портының инфракұрылымымен байланыстырады. Осыған орай, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары өзара ынтымақтастықты оңтайландыру тәсілдерін қарастырып, саяси консультациялар жүргізіп келеді.

Криступас Вайтекунас, Литва Республикасының сыртқы істер вице-министрі:

- Бұл сапардың мақсаты - ең алдымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен, нақтырақ айтқанда менің әріптесім, Сыртқы істер министрінің орынбасарымен саяси консультациялар өткізу. Сапардың екінші бағыты экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған. Биыл Қазақстанға 15 шақты таңдаулы компаниядан құралған, нақты мақсат көздейтін бизнес-миссия келді. Литвалық бизнестің Қазақстанға деген қызығушылығы артқанын байқауға болады. Осылайша, елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастық кеңейіп келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?