Астана «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуге дайындалуда. 29 шілдеден 9 тамызға дейін Қазақстанның елордасы фиджитал-спорт саласындағы ірі әлемдік шараның орталығына айналады, онда сандық технологиялар дәстүрлі спорт түрлерімен қатар сабақтасып өтеді. Жарыс қаланың төрт ірі спорт алаңында ұйымдастырылады. Ал көрермендер AI-графика, LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, сондай-ақ роботты сахналық элементтер пайдаланылатын ауқымды шоуды тамашалайды. Халықаралық турнирдің ашылу рәсімі мен негізгі кезеңдері «Жібек жолы/Silk Way» телеарнасында көрсетіледі. Жарыс гибридтік форматта өтеді. «Болашақ ойындарында» Қазақстан атынан сегіз жарыс түрі бойынша 11 команда өнер көрсетеді.
Роберт Пан, фиджитал-баскетболдан PBC Astana командасының ойыншысы:
- Меніңше, Қазақстан үшін бұл турнир өте қызықты болады, себебі, ол алғаш рет өткізіліп жатыр, мұнда баскетбол ғана емес, басқа да сайыс түрлері бар. Оның үстіне, бұл - әлем чемпионаты, шетелдіктер қатысады.

