Astana AI Film Festival-не 90-ға тарта елден 1900-ден астам жұмыс келіп
түсті. Ұйымдастырушылар өтінімдердің кең
ауқымы әлемдік киноөндірістің фильм түсіруде нейронды желілерді қолдануға
қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Авторлардың дені АҚШ, Үндістан және
Қазақстан өкілдері. Сұраныстың жоғары болуына байланысты өтінім қабылдау
мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды. Сондықтан байқауға қатысуға ниеттілердің
әлі де мүмкіндігі бар. Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына
ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азуле, China Film Group өкілі Ма Пин және
Бейжің киноакадемиясының өкілі Ван Хао кірді. Аталған фестиваль елордада 1-3
қазан аралығында Astana AI Week аясында өтеді. Бағдарламада жүлде қоры 1 млн
долларды құрайтын халықаралық AI-фильмдер байқауы, конференция, кино
көрсетілімдері, саланың жетекші әлемдік сарапшылармен кездесулер жоспарланған.
Еске салайық, фестивальге қатысу тегін. Кинотуынды кемінде 3 минут болуы тиіс.
Сонымен қатар фильмді жасау барысында генеративті жасанды интеллект қолданылуы
маңызды. Яғни, AI тек кескінді өңдеу үшін ғана пайдаланылмауы керек.

