Алты елдің ғалымдары дала өркениетінің тарихын зерттеу үшін халықаралық консорциум құрады. Тиісті келісімге Алматыда Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысында қол қойылды. Жобаға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Моңғолия қатысады. Ғалымдар Жошы ұлысының, Алтын Орда және Ұлы Жібек жолының тарихын зерттейді. Ол үшін археологиялық экспедияциялар ұйымдастырып, көне қолжазбаларды зерделейді және ғылыми еңбектер жариялайды. Сондай-ақ, тарихи құжаттар цифрландырылып, бірыңғай электрондық қорға енгізілмек. Бағдарлама бес жылға жоспарланған.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Төртінші бағыт та өте маңызды. Оның аясында – жас ғалымдарды ғылыми зерттеу жұмыстарына кеңінен тарту көзделген. Сонымен қатар. жоғары оқу орындарындағы оқу материалдары мен студенттерге арналған оқу құралдар мен әдістемелерді жаңарту қажет. Кейін осыған орай жүргізілген барлық ғылыми жобалар мен зерттеу нәтижесі жаңа білім беру бағдарламаларына енгізіледі.

