Алматыда бітімгерлерге арналған халықаралық курс өтіп жатыр

Алматыда бітімгерлерге арналған халықаралық курс өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан, Армения, Қытай, Франция, Жапония және Пәкістанның бітімгерлеріне арналған халықаралық даярлық курсы басталды. Қатысушылар қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғаудың ерекшеліктерін зерделеп жатыр. Әйелдер, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге де ерекше көңіл бөлінуде.


Жиында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарының ережелері мен әйелдердің бітімгерлік миссиялардағы рөлі жеке қарастырылады. Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығындағы курс ағылшын тілінде өтуде. Оны қазақстандық және шетелдік сарапшылар ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп жүргізуде. Мұндай даярлық бітімгерлерге халықаралық тәжірибені өз қызметінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кәсіби дағдылар мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді дейді мамандар.


Әсель Қаратаева, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесші міндетін атқарушы:


– Осы іс-шарада халықаралық бітімгершілік және азаматтық миссияларда гендерлік аспектілерді талқылау басты тақырып болып табылады. Бұл курс тек қана теория емес, сонымен қатар практиканы да қамтиды. Аталған курс 4-ші рет өткізіліп отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?