Алматы
қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыты іске қосырады. Премьер-министр Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental
Protection компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен оны
жүзеге асыру барысын талқылады. Инвестициялық жоба құны 145 млрд теңге.
Тараптар тиісті келісімге қол қойды. Дай Даого құрылыс-монтаждау жұмыстарын
бастауға дайындық жүріп жатқанын жеткізді. Қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға
дейінгі қалдықтарды қайта өңдеуге жететін кәсіпорын 60 МВт-қа дейін электр
энергиясын өндіре алады. Жаңа зауыт көмір қышқыл газының қалдықтарын жылына 200
мың тоннаға дейін қысқарта алады. Кездесу барысында Қазақстанның басқа да
өңірлерінде осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты кеңейту әлеуеті
талқыланды.

