Алатауда ағылшын құқық моделі бойынша инвестициялық сот құрылады

Алатауда ағылшын құқық моделі бойынша инвестициялық сот құрылады

Алатау қаласында жалпы құқықтың ағылшын үлгісіне сай жұмыс істейтін инвестициялық сот коммерциялық істерді қарайтын болады. Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ уақыт бойы тартымды болуына бірден бір әсер ететін фактор – тиімді сот төрелігі. Болашақта бұл шаһардың инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаға айналуына мүмкіндік береді. Сондықтан Алатау қаласында жоғары сапалы сот төрелігін қамтамасыз ететін жүйе құрған жөн. Ал арнаулы құқықтық режиммен байланысты басқа мәселелердің барлығы Азаматтық сот құзыретіне жатады.  Үкімет «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға тиісті түзетулерді 2027 жылғы қаңтар айының соңына дейін Құрылтайдың қарауына ұсынуы керек.  Осы орайда Мемлекет басшысы барша беделді әрі адал кәсіпкерлердің инвестициялық мүддесі ең мықты әрі сенімді құқықтық құжат – Ата заңмен қорғалғанын атап өтті.


1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?