Бүгін қазақстандықтар Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасап жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр өз таңдауын Тәуелсіздік сарайында жасады. Ал Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада дауыс берді. Ол Президенттің реформалары мен институционалдық жаңғыруды және түбегейлі жаңа саяси модельге көшуді білдіретін Құрылтай сайлауының маңыздылығын атап өтті.
Ерлан Қарин, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары:
- Бүгін сайлау шыныменде қатардағы сайлау емес. Кез келген нуқан өте маңызды. Бірақ, бұл жолғы сауйлауды шын мәнісінде тарихи оқиға деп айтуға болады. Себебі, наурыз айында біз сіздермен жаңа Конституцияға дауыс бердік. Бірінші шілдедед жаңа Конституция өз күшіне енді. Ал бүгін осы сайлаудың нәтижесінде жаңа бір палаталы парламент Құрылтайдың құрамы анықталмақ. Сондықтан, бұл шын мәнінде тарихи оқиға.
Өз таңдауын Үкіметтің басқа да мүшелері, сондай-ақ Құрылтай сайлауына қатысып отырған жеті саяси партияның
көшбасшылары жасады.

