▶ Энергетика саласындағы әріптестік, соның ішінде атом энергетикасы мәселелерін Қазақстан Президенті Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтанамен талқылады. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады. Президент бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтіп, еліміз француз компаниясымен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды. Бернар Фонтана компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті екенін жеткізді. Кездесуде уран тасымалдау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. #Бернар Фонтана #ақорда #Қазақстан Президенті # Electricité de France #атом энергетикасы Веб-редактор: Арайлым Серқанова 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қ. Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді ДДСҰ Қазақстанның МСАК сапасына жоғары баға берді Қазақстан шетелге жерсеріктер экспорттауға ниетті Сенат төрағасы Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісімен кездесті ШЫҰ мүше мемлекеттер терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығын күшейтеді Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің қуаты артады