Жасанды интеллект жоғары білім беру жүйесін өзгертуде.
Maqsut Narikbayev University-де 70-ке жуық оқытушыға арналған екі күндік тренинг
басталды. Оның мақсаты – AI технологияларын білім беру жүйесіне енгізумен ғана
шектелмей, оқыту моделін түбегейлі жаңарту. Ұйымдастырушылардың сөзінше,
қазіргі таңда студенттердің сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты талдау, өз
ұстанымын дәлелдеу және таңдаған мамандығын терең меңгеруі маңызды. Бұл
дағдылар жастарға еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуіне мүмкіндік
береді. Шараға қатысушылар университеттегі пәндердің мазмұнын қайта қарап,
тақырыптық жоспарларды, оқыту әдістері мен білімді бағалау жүйесін жетілдіруде.
Тренинг қорытындысы бойынша жаңа оқу курстарының тұжырымдамасы мен әдістемелік
ұсынымдар әзірленіп, олар университеттің білім беру бағдарламаларының негізіне
айналады.
Сергей Пен, Maqsut Narikbayev University басқарма
төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары:
- Жасанды интеллект көптеген дағдылардың маңызын азайтып,
қажетсіз етіп жатыр. Осы үрдіс араға бірнеше ай салып қайталанып тұрады. Бұл дегеніміз,
оқу пәндерінің мазмұны белгілі бір саланың өзегіне, негізгі ұғымдарына
бағытталуы керек. Яғни, студенттің сол саланы терең түсінуіне басымдық берілуі
қажет. Жұмыс тобымыз бірнеше ай бойы еңбек етті. Арнайы әдістеме арқылы біз
журналистика, құқық, экономика және тіл білімі сияқты салалар үшін негіз
қалаушы пәндерді іріктеп алдық.
Анар Ыбраева, Maqsut Narikbayev University провосты:
- Қазір технологиялық әлемде болып жатқан өзгерістер, соның ішінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуы барлық салаға әсер етіп жатыр. Біздің міндетіміз – ертең еңбек нарығына шығатын түлектің өз кәсіби саласындағы өзгерістерді нақты талдап, сараптамалық тұрғыдан бағалай алатындай деңгейде дайындау. Қыркүйек айынан бастап арнайы даярлықтан өткен оқытушыларымыз аудиторияларға кіріп, студенттерге жан-жақты ойлауға негізделген жаңа тәсілмен білім бере бастайды.

