Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан Қазақстанда цифрлық шешімдерді ілгерілету және адам капиталын дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында мектептер, университеттер мен медицина мекемелерін салу жоспарланып отырғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның Қазақстан ЖОО-мен және технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту ниетін құптады. Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салалары үйлесім тауып отырғанын айрықша атап өтті. Ол Network School Kazakhstan үшін иновацияларды енгізу басым бағыт екенін айтты. Президент Astana AI Film фестиваліне инвестициялық тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін оны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

