2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы құрылтайда қаралды

2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы құрылтайда қаралды

Құрылтайда алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Қазына кірістері 25,5 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Бютжет шығысының ең көп бөлігі адами капиталға жұмсалмақ. Бұл бағытқа 10,5 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. 7,5 трлн теңге өңірлерге бағытталады. Бұл қаржы жолдар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық инфрақұрылым салуға және елді мекендерді газдандыруға кетеді.

Абзал Бейсенбекұлы, ҚР Қаржы вице-министрі:


– Өңірлерге жыл сайын қазынаның төрттен бір бөлігі немесе 7,4 трлн теңге бағытталып отыр. Айта кететін жайт, өңірлерге жіберілетін барлық қаражат ең алдымен халыққа арналады. Бұл үйлердегі су мен жылу, жақсы жолдар, мектептер мен ауруханалар, газдандыру және коммуналдық инфроқұрылым. Біздің міндетіміз халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау.


2027 жылы экономикалық өсім 5% деңгейінде болады деп күтіледі. Өсімнің негізін тек мұнай өндіру саласы құрамауы тиіс. Бұл ретте басым үлес  өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болмақ. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, сала екінші жыл қатарынан өндіруші секторға қарағанда жоғары қарқын көрсетуде.


Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министр:


- Бұған дейін экономиканың негізгі қозғаушы күші өндіруші, яғни шикізаттық секторға тиесілі болатын. Қазір бұл жағдай өзгеруде, шикізаттық емес сектордың үлесі артып келеді. Бұрын тау-кен өнеркәсібінің үлесі 16% болса, қазір 8% дейін төмендеді. Яғни, үлесі екі есе қысқарды. Керісінше, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны артып келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?