2020 жылдан бері Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 100%-дан астам өсті, ал жаңа сауда және инвестициялық келісімдердің жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асты. Life of a Diplomat бағдарламасының жаңа шығарылымының қонағы — АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының аға сауда атташесі Эндрю Гласс. Сұхбатта америкалық компаниялардың Қазақстан нарығын қалай бағалайтыны және авиация, логистика мен цифрлық технологиялар саласында қандай жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқаны туралы айтылды.

