Қазақстан талантты жастардың бәсекеге қабілетін
бағалайтын жаһандық GTCI индексінде бір жылда 39 сатыға көтерілді. Кәсіптік
және техникалық дағдылар бойынша еліміз 122-орыннан 83-орынға шыққан. Бұған
еліміздің колледж зертханалары мен шеберханаларын заманауи құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етуі, дуальді оқыту жүйесі, техникалық мамандықтар бойынша білім
гранттары санының артуы ықпал еткен. Сондай-ақ аталған тың көрсеткішке
Қазақстанның WorldSkills қозғалысына белсенді қатысуы және жұмысшы мамандардың
дайындық деңгейін әлемдік стандарттарға бейімдеуі оң әсерін тигізген. Бұл
еліміздегі – еңбек
нарығында кәсіби біліммен қатар, коммуникация, сыни ойлау, жаңа жағдайға
бейімделу және цифрлық сауат сынды әмбебап дағдылардың маңызы артып келе
жатқанын көрсетеді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Әлемдегі технологиялық өзгерістер де мамандықтар
құрылымына әсер етуде. 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады, 100-ге жуық
мамандық трансформацияланады, 125 мамандық бойынша сұраныс төмендейді. Осы
үрдістер техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығындағы және
технологиялық өзгерістерге алдын ала бейімдеуді талап етеді.

