Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас одақтастық деңгейінде дамып келеді, ал бүгінде оның артында нақты жобалар тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллардан асты, ал 2030 жылға қарай оны 3 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Life of a Diplomat бағдарламасының жаңа шығарылымының қонағы — Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Құдайберген Базарбаев. Сұхбатта су және энергетика мәселелерін бірлесіп шешу, шекарадағы сауда-логистикалық кешен, Қамбар-Ата-1 ГЭС жобасы және Орталық Азия елдерінің аймақтық мәселелерді өз күштерімен шешуге ұмтылысы туралы айттық.

