Қ.Тоқаев Сербия Президентімен және Армения Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қ.Тоқаев Сербия Президентімен және Армения Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Сербия Президенті телефон арқылы сөйлесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Александр Вучич Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы әріптесіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Тараптар әңгімелесу барысында қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін талқылап, екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын атты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Никол Пашинян бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?