Қ.Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша ұстанымын білдірді

Қ.Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша ұстанымын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты өз ұстанымын жеткізді. Қазақстан Президенті қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстанбұл формуласына оралуды ұсынды.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


–  Осы орайда өз пікірімді білдіргім келеді. Өйткені маған да өтініштер айтылады. Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстанбұл формуласына оралған дұрыс. Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады. Тығырықтан қалай шығу керек екенін ешкім білмейді. Қос тараптың өз ұстанымы бар. Әйтсе де, осы алауыздықты уақытша доғаруға болады. Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе, амал. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр.

Қазақстан Президенті Ресеймен стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа бейілділігін растап, XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумы - қазақ-ресей өзара іс-қимылының негізгі бағыттары бойынша диалогты жалғастырудың және оны одан әрі дамыту жөніндегі қадамдарды белгілеудің жақсы мүмкіндігі екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?