Қ.Тоқаев Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы дамуын жеделдетуді тапсырды

Қ.Тоқаев Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы дамуын жеделдетуді тапсырды

Қазақстан транзиттік жүк тасымалын арттыруды көздеп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистикалық саланы дамытуды ел үшін маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бұл ретте Қазақстан автомобиль және теміржол бағыттарымен қатар, авиация мүмкіндіктерін де тиімді пайдалануға ұмтылуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа мен Азия арасындағы әуе дәліздерінің стратегиялық рөлін атап өтті. Оларды дамыту елдің транзиттік кірісін арттыруға, отандық әуе компанияларының беделін нығайтып, шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл үшін әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету сапасын жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізу және көлік инфрақұрылымын жаңғырту қажет. Бұл жүктерді өңдеу уақытын қысқартып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және Қазақстанның халықаралық тасымал нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дидар Тебаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

- Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көлік-логистика саласында еліміздің алдында тарихи мүмкіндік тұрғанын атап өтті. Сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Бұл бағыттарды дамыту экономикамыздың өсуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қосылған құны жоғары өнім шығаратын өндірістік тізбектер құруға мән беріледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?