ТҮРКПА мен ШЫҰ миссияларының байқаушылары Құрылтайдағы сайлау барысымен танысты

ТҮРКПА мен ШЫҰ миссияларының байқаушылары Құрылтайдағы сайлау барысымен танысты

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы миссиясының байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай сайлауы процесінің ашықтығын атап өтті. Олар қазақстандықтардың дауыс беруге жоғары қызығушылығын және азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуына тоқталды. Халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталығында өткен брифингте ТҮРКПА миссиясы өкілдері сайлаудың Конституцияға, тиісті конституциялық заң мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады.

Осман Местен, ТҮРКПА миссиясының басшысы, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы:

- Бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап біздің делегация өкілдерінің бір бөлігі сайлау учаскелерінің ашылуын бақылады. Біз барлық процестер халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілгенін көрдік, бұл ретте учаскелердің ашылуына тиісті лауазымды тұлғалар, сайлау комиссияларының төрағалары мен байқаушылар қатысты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясының өкілдері Астананың әр ауданындағы бірнеше сайлау учаскесіне барып, дауыс беру барысымен, сайлаушылар үшін жасалған жағдайлармен, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысқандарын атап өтті.  Миссия өкілдері, әсіресе, байқаушылар үшін жасалған жағдайларға ерекше тоқталды. Олардың айтуынша, сайлаудың қорытынды бағасы дауыс беру аяқталып, заңнамада көзделген бар рәсімдер толық орындалғаннан кейін жарияланады.

Т.Р. Мидхун, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Миссия мүшелері байқау нысандарын өз бетінше анықтап, қалаған сайлау учаскелеріне еркін барады. Біздің жұмысымыз үшін қажетті жағдай жасалған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?