Ашхабадта тәуелсіздіктің 35 жылындағы Түрікменстан экономикасының жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында мемлекеттік кәсіпорындар және жеке бизнестің қатысуымен ауқымды көрме өтті. Онда инвестициялық жобалар мен жергілікті өнімдер ұсынылды. Мұнда экономиканың көлік, құрылыс, химия және аграрлық салалары қамтылған. Жекелеген стендтер тоқыма және тамақ өнеркәсібіне, сондай-ақ цифрлық технологияларға арналды.
Андрей Хрипунов, Ресей Федерациясының Түркіменстандағы сауда өкілі:
- Бұл жерде Түркіменстанның түрлі салаларынан көптеген бизнес-қоғамдастықтарды, өндірушілерді, экспорттаушыларды көріп қуанып отырмыз. Осының бәрі түркімен елінің байлығы, оның тамаша өнімдері. Көптеген бизнесмендердің Ресейдегі көрмелерге қатысқаны немесе қатысуды жоспарлап отырғаны қуантады. Бұл іс-шара біздерге өзара байланыс орнатуға және мемлекеттік құрылым өкілдерімен тікелей кездесу тұрғысынан да пайдалы деп санаймын.

