Шекарасыз медицина: Қазақстан мен Жапония өзара тәжірибе алмасуда

Шекарасыз медицина: Қазақстан мен Жапония өзара тәжірибе алмасуда

Қазақстандағы балалар хирургиясының жоғары деңгейін жапон профессоры Атсуюки Яматака атап өтті. Балалардың туа біткен ақауларын емдеу бойынша әлемге әйгілі маман отандық дәрігерлердің кәсіби даярлығына да жоғары баға берді. Атсуюки Яматака қазақстандық мамандарға шеберлік сабақтарын өткізу үшін Астанаға екінші рет арнайы келді. Жапон маманы бір апта бойы №2 қалалық балалар ауруханасының хирургтарымен бірге күрделі урологиялық және проктологиялық оталар жасап, бірегей тәжірибесімен бөліседі.


Атсуюки Яматака, медицина ғылымдарының докторы, Токио хирургиялық клиникасының директоры:


- Қазақстанға келген сайын мен мұнда медицина қаншалықты жүйелі дамып келе жатқанын байқаймын. Дәрігерлер үнемі жаңа білім алуға ұмтылады, бұл өте маңызды. Мұнда барлық қажетті жабдықтар бар. Бүгін таңертең біз туа біткен патологиясы бар кішкентай науқасқа операция жасадық. Біз оған көмектестік. Ең бастысы - тұрақты байланысты үзбей, тәжірибе алмасып отыруымыз керек.


Динат Қожекенов, № 2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары:


- Біздің дәрігерлер де өзге елдерге барып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бір патологияны емдеуге әр елде әр түрлі жаңа әдістер табылып жатады. Қандай да бір аз инвазивті әдістер, яғни үлкен тілік жасамау жолы, тез қалпына келтіру тұрғысынан қандай да бір жаңалықтар орын алу мүмкін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?